|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Белоглин негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Белоглинская основная средняя школа отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Отбасы институтының адам өміріндегі рөлі бұрыннан зерттеу тақырыбы болған. Отбасындағы тәрбие баланы туғаннан бастап тұлға болып қалыптастыруда зор рөл атқарады.Отбасында баланың жеке тұлғасы қалыптасады.
Қоғам, әлеуметтік институттар отбасы тәрбиесіне ықпал етеді. Отбасында баланың алдында алғаш рет таңғажайып әлемнің есігі ашылады. Отбасындағы тәрбие баланың әлеуметтік ортаны жағымды эмоциялармен немесе таңырқаумен, қатыгездікпен қабылдауына әсер етеді. Тәрбиенің негізі отбасында қаланады. Балаға толыққанды тәрбие беру оның жеке тұлға болып қалыптасуының, дамуы мен үйлесімді өсуінің алғышарты болып табылады.
Қазіргі уақытта ата-аналардың білім беру бағдарламалары, баланың жас және психологиялық ерекшелігі, баланың қажеттілігі туралы нақты түсініктері жоқ және ата-аналар тәрбиелеу әдістерін сараптай алмайтындықтан отбасының тәрбиелік әлеуетін тиімді қолдана алмайды. Бұның салдары тәрбиелеу нәтижесінің төмендеуіне әкеледі. Ата-аналардың бала тәрбиесіне мән бермеуі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтік бейімделуіне кері әсер етіп, жүйкелік ауытқулардың пайда болуына жол береді. Ата-аналардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы біліктілігінің аздығы бала тәрбиесіне әсер етеді.
Бүгінгі күннің ата-аналары қаншалықты білімді болсада педагогика, психология, физиология және өзге білім салаларынан толық хабардар емес. Кез-келген білімі бар ата-аналарды бала тәрбиесі туралы мәселелер ойландырады. Сондықтан отбасы білім беру қызметі саласында көмекті қажет етеді.
Баланы тек ата-анасы ғана емес, айналасындағы адамдарда тәрбиелеу қажет. Балаларды әлеуметтік ортадан бөліп алып тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан да балалардың белсенді әрекетіне арналған орындар болуы тиіс. Белсенді әрекетке арналған орындардың болуы баланың жан-жақты дамуына әсер етеді.
Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әртүрлі ақпарат көздері ұсынатын психологиялық - педагогикалық басылымдар, баспасөз, ғаламтор материалдары, теле-радио бағдарламалары, ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттер, көрнекіліктер жеткілікті. Бірақ бұл ақпарат көздерінде отбасының, баланың ерекшелігін ескеріп, ата-ананың (заңды өкілдердің) нақты сұрағына тікелей жауап беру мүмкіндігі жоқ.
Бұл мәселеде мектепке дейінгі ұйымның мамандары құзыретті. Олар ата- анамен тікелей қарым-қатынас жасап, «кері байланыс» орната алады, баланың дамуын бақылайды.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім берудің келесідей нысандары: мектепке дейінгі ұйым жанындағы балалардың қысқа мерзімді болу топтары, баланы үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға медициналық-психологиялық- педагогикалық көмек беру орталықтары және т.б табысты дамуда. Пайда болған жаңа нысандар баланың дамуына белсенді ықпал етіп, отбасыларға мектепке дейінгі білім беру саласындағы мамандардың білікті көмегін алуға көмек беруге арналған. Сонымен қатар жаңа нысандар балалары балабақшаға баратын отбасыларға да, балалары балабақшаға бармайтын отбасыларға да бағытталған.
Осындай жаңа нысандардың бірі мектепке дейінгі ұйымның жанында консультациялық пункттер ұйымдастыру болып табылады. Консультациялық пункттер ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып балалары мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата- аналар үшін, отбасын және тәрбиеленушіні әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында құрылады. Консультациялық пункттер балабақшалар үшін жаңалық емес. Консультациялық пункттер балабақша мен отбасы арасындағы өзара әрекеттің дәстүрлі түрлерінің бірі тәрбиешілердің ата- аналарға (заңды өкілдерге) жеке және топтық консультация беру қызметін іске асырады. Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәжірибесінде тәрбиешілер ата-аналардың сұранысы негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып консультация бере алады. Сонымен қатар балабақшаның басқа мамандары (әдіскер, психолог, логопед, дефектолог және т.б.) ата- аналарға (заңды өкілдерге) қандай да бір мәселе бойынша кеңес береді.
Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтермен, психологтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беруге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған.
Ата-аналар (заңды өкілдер) мен отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін ұйымдастырылған консультациялық пункттердің жұмысы мектепке дейінгі ұйымдар, әдістемелік орталықтар базасында жүзеге асырылады.
Нұсқаулықтардың мақсаты мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата-аналарына көмек көрсету..
Бұл нұсқаулықтар базасында консультациялық пункттер ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата- аналарына арналған.
|
3
Желтоқсан
2025
|
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты әрбір бала өмірінің сәтті бастамасы ретінде сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға (бұдан әрі – МТО) тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
МТО-ны қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған, оған сәйкес білім беру жүйесінің бірінші деңгейі отбасында немесе 1 жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымда (бұдан әрі-МДҰ) жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі оқыту балаларды мектепте оқуға бес жастан бастап мектепалды даярлық түрінде жүзеге асырылады.
Әрбір баланың бастауыш мектепте білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасаудың маңызды шарты МТО қолжетімділігін кеңейту болып табылады.
Ата-аналардың әртүрлі себептермен баласын мектепке дейінгі ұйымға апарғысы келмейтін фактіні де ескеру қажет (денсаулық жағдайы, отбасында тәрбиелеуді дұрыс деп санау және басқалар). Балаларға үй жағдайында сапалы күтім жасауды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету мақсатында балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарды (заңды өкілдерді) педагогикалық қолдау жұмыстарын жандандыру қажет. Сонымен қатар, маңызды міндеттердің бірі – ата-аналарды (заңды өкілдерді) білім беру ұйымдарында балаларды тәрбиелеу мен оқытуға тарту болып табылады.
Осыған байланысты Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына (ҚР ОАМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығы) сәйкес отбасы мен тәрбиеленушіні әлеуметтік - педагогикалық қолдау мақсатында балабақшалар мен шағын орталықтар жанында ата-аналардың (заңды өкілдердің) қажеттіліктерін ескере отырып, балалары МТО-мен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер (бұдан әрі- КП) құру ұсынылады.
КП балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға (заңды өкілдерге) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша кеңес беруге және әдістемелік көмек көрсетуге арналған.
КП қызметіне қатысушылар - ерте жастағы балалар мен мектеп жасына дейінгі балалар, олардың ата-аналары (заңды өкілдері) және мектепке дейінгі ұйымның мамандары.
Аталған әдістемелік ұсынымдардың мақсаты: балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға (заңды өкілдерге) тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша педагогикалық қолдау көрсетуде КП қызметін реттеу.
Бұл материал базасында КП ұйымдастырылған меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтеріне арналған.
|
3
Желтоқсан
2025
|
КІРІСПЕ
Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты әрбір баланың өмірінде табысты бастама ретінде сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Әрбір балаға бастауыш мектепте оқуға тең бастапқы мүмкіндіктер берудің маңызды шарты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті кеңейту болып табылады.
Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың ата- аналарын (заңды өкілдерін) педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмысты жандандыру қажет. Негізгі міндеттердің бірі-ата-аналарды (заңды өкілдерді) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға тарту. Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесінде ата - аналармен тығыз қарым-қатынас орнату маңызды және бұл мобильді консультациялық пункттерді (бұдан әрі-МКП) ұйымдастыру әдістерінің бірі.
МКП қызметін ұйымдастыру ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыруға, балаларды тәрбиелеуде, оқыту мен дамытуда, әлеуметтендіруде мүмкін болатын қиындықтардың алдын алуға, олардың табысты дамуы үшін жағдай жасауға, өмірлік қиын жағдайларда жүрген отбасыларды атаулы қолдау есебінен әлеуметтік шиеленісті төмендетуге, сондай-ақ ата- аналар мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға, отбасы мен педагогтер арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.
МКП мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту мәселелері бойынша кеңес беруге және әдістемелік көмек көрсетуге, сондай-ақ ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық сауаттылығын арттыруға және отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған.
МКП-дің қызметіне қатысушылар мектеп жасына дейінгі балалар, олардың ата-аналары (заңды өкілдері) және мектепке дейінгі ұйымның педагогтері болып табылады.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты ата-аналарға арналған мобильді консультациялық пункттердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу болып табылады.
Аталған ұсынымдар МКП-тер ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлері мен педагогтеріне арналған.






