ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Белоглин негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Белоглинская основная средняя школа отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
Белоглинка а.
+7 (714) 443 58 25
beloglinskaya@uzunkol.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Белоглин негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Белоглинская основная средняя школа отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз мектебіміздің ресми сайтында сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз !

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

КІРІСПЕ

 Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты әрбір баланың өмірінде табысты бастама ретінде сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Әрбір балаға бастауыш мектепте оқуға тең бастапқы мүмкіндіктер берудің маңызды шарты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті кеңейту болып табылады.

Осыған   байланысты   мектеп   жасына   дейінгі   балалардың   ата- аналарын (заңды өкілдерін) педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмысты жандандыру               қажет.            Негізгі   міндеттердің   бірі-ата-аналарды    (заңды өкілдерді) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға тарту. Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесінде ата - аналармен тығыз қарым-қатынас   орнату               маңызды               және         бұл         мобильді консультациялық пункттерді (бұдан әрі-МКП) ұйымдастыру әдістерінің бірі.

МКП қызметін ұйымдастыру ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыруға, балаларды тәрбиелеуде, оқыту мен дамытуда, әлеуметтендіруде мүмкін болатын қиындықтардың алдын алуға, олардың табысты дамуы үшін жағдай жасауға, өмірлік қиын жағдайларда жүрген отбасыларды атаулы қолдау есебінен әлеуметтік шиеленісті төмендетуге, сондай-ақ ата- аналар мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға, отбасы мен педагогтер арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.

МКП мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту мәселелері бойынша кеңес беруге және әдістемелік көмек көрсетуге, сондай-ақ ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық сауаттылығын арттыруға және отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған.

МКП-дің қызметіне қатысушылар мектеп жасына дейінгі балалар, олардың ата-аналары (заңды өкілдері) және мектепке дейінгі ұйымның педагогтері болып табылады.

Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты ата-аналарға арналған мобильді консультациялық пункттердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу болып табылады.

Аталған ұсынымдар МКП-тер ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлері мен педагогтеріне арналған.

 

 

МОБИЛЬДІ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

МКП қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293

«Қазақстан   Республикасындағы    баланың   құқықтары   туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137

«Мектепке дейінгі         ұйымдарға және сәбилер       үйлеріне қойылатын                             санитариялық-эпидемиологиялық           талаптар»

санитариялық қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023469

Мектепке   дейінгі   тәрбие   мен   оқытудың  мемлекеттік   жалпыға міндетті стандарты

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008275

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029329

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033166

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_

 

МОБИЛЬДІ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

МКП – тер жаз айларында мектепке дейінгі ұйымның аумағында арнайы жабдықталған жеке тұрған үй-жайларда ұйымдастырылады. Бұл мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған және қамтылмаған балаларды тәрбиелеу мен дамыту үшін қауіпсіз, жайлы жағдайлар жасалған үйшік, көлеңкелі шатырлар, киіз үй, құрастырмалы қалқалар және т.б. болуы мүмкін.

МКП аумағын балалардың түрлі қимыл белсенділігін, коммуникативтік, шығармашылық, зерттеу және т.б. әрекеттерін ұйымдастыру үшін сюжетті - рөлдік ойындар, бейнелеу құралдарымен, құмсалғыштар, спорттық жабдықтармен және т.б. жабдықтауға болады.

МКП-дің мақсаты: мектепке дейінгі ұйыммен қамтылмаған балаларды тәрбиелеу мен дамыту және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.

Міндеттері:

  • баланың дамуына қауіпсіз, қолайлы жағдайлар жасау;
  • ата-аналарға әдістемелік және психологиялық қолдау көрсету;
  • балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру;
  • отбасы жағдайында   баланы   дамыту   бойынша      әдістемелік материалдар ұсыну.

МКП-те балаларға қызығушылықтары бойынша әрекет түрлерін өз бетінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін алуантүрлі материалдармен заттық-дамытушы ортаны жабдықтауға болады.

Заттық-дамытушы ортаны:

  • балалардың жастарына сәйкес;
  • тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді;
  • балалардың эмоционалды әл-ауқаты мен тұлғасын дамытуға ыңғайлы;
  • ересек пен баланың бірлескен әрекетіне және балалардың дербес әрекетіне пайдалы әрі алуантүрлі материалдармен жабдықтауға болады

Жиһаздар мен құрал-жабдықтар балалардың бойлары мен жастарына сәйкес, қауіпсіз, денсаулыққа зиян келтірмейтін, эстетикалық жағынан тартымды және баланы дамытатындай болуы қажет.

МКП жұмысын ұйымдастыру қағидалары:

-құпиялылық қағидасы-баланың және оның отбасының ерекшеліктері туралы ақпарат ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімінсіз жария етілмейді;

  • кешенділік қағидасы-баламен және оның отбасымен жұмысты мамандар тобы жүзеге асырады;
  • қолжетімділік қағидасы-ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған барлық ақпарат қолжетімді нысанда беріледі.

МКП мектепке дейінгі ұйымның басшысының бұйрығымен құрылады және оның жұмысын балабақша әкімшілігі реттейді.

МКП мектепке дейінгі ұйым басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.

Балалардың ата аналарына (заңды өкілдеріне) консультациялық көмек мамандардың қызметін кіріктіру негізінде көрсетіледі:

меңгеруші; әдіскер; тәрбиеші;

музыка жетекшісі;

дене тәрбиесі нұсқаушысы; педагог-психолог;

логопед; медбике;

казақ тілі педагогі.

Ата-аналарға (заңды өкілдерге) жеке және топтық кеңес беруді бір немесе бірнеше маман бір уақытта мынадай мәселелер бойынша жүргізе алады:

  • балалардың жас, психофизиологиялық ерекшеліктері;
  • ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту;
  • балаларды әлеуметтендіру;
  • баланың сөйлеуін дамыту;
  • ойын әрекетін ұйымдастыру;
  • балалардың тамақтануын ұйымдастыру;
  • балаларды мектепте оқуға дайындау;
  • балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдай жасау.

МКП-те мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттіліктерін түрлі балалар әрекеттері (ойын, қимыл, дербес, шығармашылық, зерттеу, еңбек, театрландырылған) арқылы жеке немесе топпен (5-6 бала) дамыту көзделеді.

Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды:

-шынықтыру шараларын;

  • қимылды және ұлттық ойындарды;
  • дербес қимыл белсенділігін қарастырады.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды:

  • сюжетті-рөлдік ойындар;
  • дидактикалық ойындар,
  • кітаптарды қарау;
  • әңгімелесуді қарастырады.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді:

  • объектілерді бақылау;
  • заттарға қарапайым зерттеу жүргізу;
  • материалдармен эксперимент (су, құм және басқалар) жасау;
  • танымдық әңгімелерді қарастырады.

Шығармашылық дағдыларды дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, бойынша міндеттерді:

  • алуан түрлі материалдарды (түрлі-түсті борлар, қарындаштар, бояулар, маркерлер және т. б.) қолдана отырып, құмға, асфальтқа, ватманға сурет салуды;
  • театрландырылған әрекетті (көлеңкелі, саусақ, қуыршақ театрлары);
  • музыка тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақтық қимылдар, балалар музыкалық аспаптарында ойнауды қамтиды.

Ата-аналарға арналған МКП- тер қызметінің негізгі нысандары:

-үй жағдайында баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша ата- аналарға арналған шеберлік сыныптары, тренингтер;

  • білім беру ресурстарымен (бейне және аудио материалдар) қамтамасыз ету;
  • балалармен ойындар;
  • бірлескен мерекелер мен ойын-сауықтар ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған МКП:
  • баланы тәрбиелеу мен дамыту;

-баланың құрдастарымен бірге әрекет етуін ата-аналардың бақылауы;

  • баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша ата-аналардың бір - бірімен тәжірибе алмасуы;
  • ата-аналардың қажетті педагогикалық дағдыларды игеруі;
  • баланың қоршаған ортаны белсенді зерттеуі мен сөйлеуін дамытуы бойынша білікті мамандардың ата-аналарға кешенді қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді.

МОБИЛЬДІ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ

Әдістемелік көмек - ата-аналарды (заңды өкілдерді) ағарту, отбасында туындайтын мәселелердің алдын алуға бағытталған педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы хабардар ету, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, отбасында жағымды қарым- қатынас орнату, баланың жеке даму ерекшеліктері негізінде ата-аналарды отбасы жағдайында тәрбие процесін ұйымдастыруға бағытталған түзету және дамытушы технологиялармен таныстыру.

Отбасына әдістемелік көмек көрсету үшін МКП-дің мамандары қосымша ақпарат алу мақсатында балалармен әңгімелеседі, балаларды бақылауды ұйымдастыра алады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) кеңес беру үшін МКП мамандары әдістемелік материалдарды әзірлеуді және таратуды жүзеге асырады:

  • балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен дамыту бойынша буклеттер, құралдар мен жаднамалар (консультациялар өткізу алгоритмдері, балаларды тәрбиелеу бойынша психологиялық- педагогикалық ұсынымдар, балаларды дамыту туралы кеңестер; балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша практикалық ұсынымдарды қамтитын ата-аналарға арналған материалдар);

-бейне-аудиоматериалдар, фото, онлайн-консультациялар, бейнеконсультацияларға сілтемелер;

  • электрондық ресурстар (сайттар, блогтар, подкасттар, әлеуметтік желілер: Instagram, Facebook, Telegram, Tik Tok).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне, сондай – ақ мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) кешенді әдістемелік қолдауды Балаларды ерте дамыту институтының (бұдан әрі-Институт) порталы қамтамасыз етеді - www.irrd.kz .

Сайтта:

  • мектепке дейінгі   білім   беру  жүйесін   реттейтін   нормативтік құқықтық актілер (НҚА айдары);
  • әдістемелік ұсынымдар, құралдар және басқалар (әдістемелік әзірлемелер айдары);
  • өткізілген вебинарлардың,     практикалық     семинарлардың материалдары, бейнежазбалары орналастырылған.

Сондай-ақ,   Институттың   сайтында   «Ата-аналарға»   айдарымен

«Виртуалды әдістемелік кабинет» ашылды. Бұл айдарда ата-аналар үшін әзірленген үй жағдайында баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша дамытушы ойындарды, баланы мектепке дайындау туралы психологтың кеңестерін, балалардың сөйлеуін дамыту бойынша логопедтердің кеңестерін, дамытушы ойын әрекеттерін қамтитын бейнероликтер, өткізілген вебинарлардың, практикалық семинарлардың бейнежазбалары орналастырылған. Егер ата-аналар (заңды өкілдер) онлайн-кеңеске қатыса алмаған жағдайда олардың жазбасын көре алады. Барлық материалдарды МКП-дің қызметінде қолдануға болады.

Аталған портал еркін қол жетімді, барлық материалдар тегін жүктеледі.

Сонымен қатар, МКП-дің мамандары балалардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кері байланыс жүргізуі қажет. Кері байланыс — МКП- де көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңызды құралы. Ата- аналардың пікірлері мен ұсыныстарын жинаудың тиімді процесін ұйымдастыру MКП-дің жұмысын жақсартуға септігін тигізеді.

  1. Қол жетімді байланыс арналарын құру, ата-аналарға пікірлерін оңай және ыңғайлы қалдыруға мүмкіндік беру маңызды. Мынадай арналарды пайдалануды қарастыруға болады:
    • электрондық пошта: Пікірлер жинау үшін арнайы адрес құру;
    • сауалнамалар: Google Forms немесе SurveyMonkey тәрізді платформалар арқылы жиі онлайн сауалнамалар жүргізу;
  • әлеуметтік желілер: Пікірлер мен түсіндірмелер жинау үшін әлеуметтік желіні пайдалану;
  • нақты пошта: МКП-тегі ұсыныстар жәшіктері арқылы пікірлерді қағазға жазуға мүмкіндік беру.
  1. Ата-аналардан барынша кері байланыс алу үшін оларды белсенді қатысуға ынталандыру, пікір қалдыруға, көпшілік алдында МКП-дің қызметін жақсы жағын айтуға итермелейтін жағдайлар жасау: МКП жаңалықтарында немесе сайтта белсенді қатысушыларды мадақтау қажет.
  2. Ата - аналардың пікірлерін талдау және ескеру, ақпарат жинау — бұл алғашқы қадам. Нәтижелерді мұқият талдау және өзгерістерді енгізу де маңызды:
    • тенденцияларды анықтау: жиі айтылатын мәселелер мен ұсыныстарға назар аудару;
    • ата-аналарға есеп беру: ата-аналармен олардың пікірлері қызметтердің жақсаруына қалай әсер еткенімен бөлісу.
  3. Ата-аналармен ашық және шынайы сөйлесу, кері байланыс екі жақты болуы, қарым-қатынасқа ашық болу және ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, сұрақтарына жауап беру қажет.

Ата - аналармен кері байланыс ұйымдастыру — МКП қызметінің сапасын үнемі жақсартудың негізгі элементі.

Пікірлердің нәтижелері бойынша өзгерістерді енгізу балалардың, сондай-ақ МКП қызметінің дамуына ықпал ететін жайлы және сенімді атмосфераны құруға көмектеседі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекеттік білім беру саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Отандық және шетелдік ғалымдар баланың болашақ өмірі үшін қажетті физикалық, когнитивтік, әлеуметтік-эмоционалдық, сондай-ақ басқа да өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастыру мен дамытуда ерте кезеңнің маңыздылығы туралы ортақ пікір білдіреді.

Заманауи мектепке дейінгі білім беру ерте жастан бастап әр баланың толыққанды дамуы мен әлеуетін ашу үшін жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тәсілдер мен идеяларды қажет етеді.

Қазіргі кезде республиканың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде әлемдік тәжірибеге сәйкес негізгі нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі» бекітілді. Оның негізінде Стандарт пен Үлгілік оқу жоспарын либерализациялау бойынша жұмыс жүргізілді. Педагогтер авторитарлық жүйеден алшақтап, мектепке дейінгі білім берудің дамытушы бағдарламаларының мазмұны мен ұйымдастыру нысандарының вариативтілігі мен алуан түрлілігіне ауысты.

Осы міндеттерді іске асыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың жанынан қажеттілігіне қарай отбасыларды қолдауға бағытталған жаз айларында мобильді консультациялық пункттер жұмыс істейтін болады.

Мобильді консультациялық пункттерді енгізу отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдау сапасын арттыруға, ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдардың өзара ынтымақтастығын нығайтуға, ата- аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.

МКП-дің жұмысын тиімді ұйымдастыру педагогтер мен ата- аналардың күш-жігерін біріктіру арқылы ғана мүмкін болады.

© 2025. Все права защищены.